Парижде Сауд Арабиясы ханшайымы суретшіге 4 сағат бойы аяғын сүюге мәжбүрледі
Парижде Сауд Арабиясының ханшайымы суретшіге 4 сағат бойы аяғын сүйдіртіп қойған, деп жазады Daily Mail.
Оқиға Фош көшесінде болған. Басылым мәліметінше, есімі аталмаған ер адам үй безендіру жұмысы үшін ханшайым бар жерде суретке түсірген. Мұны бұрынғы патша Халида ибн Абдул-Азиз Аль Саудтың қызы Фейсал көріп қалып, суретін БАҚ-қа сатпақ деп ойлайды. Ол оққағарларына суретшінің аяқ-қолын байлап тастауға бұйрық береді. Суретшінің қолындағы құралдарын алып, ханшайымның аяғын сүюге мәжбүрлейді.
«Сізге оны өлтіру керек еді. Ол өмір сүруге лайық емес», – деп жазады Le Point порталы ханшайымның сөзін қайталап.
Суретші полицияға хабарласып, оған шабуыл жасалғанын айтқан. Басынан соққа алған Франция тұрғыны 20 мың евро көлемінде өтемақы және жұмысының ақысын талап етуде.
Жіберіп алмаңыз:
Желі қолданушылары Қазыбек биді бала, Төле биді шал деп жазған мектеп оқулығын сынға алды
20 жастағы ресейлік студент қыз пәктігін сатып оқу ақысын төлемек (фото)
Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын