Парижде "Алтын доп 2025" жеңімпаздары марапатталды
Фото: instagram.com/uefa
22 қыркүйек күні Париждегі Théâtre du Châtelet сахнасында "Алтын доп" сыйлығының 69-шы дәстүрлі марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шараны аңыз футболшы Руд Гуллит пен спорт журналисі Кейт Скотт жүргізді.
Ерлер арасындағы басты жүлдені алғаш рет "Пари Сен-Жермен" мен Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле иеленді. Екінші орынға "Барселонаның" 18 жастағы жас жұлдызы Ламин Ямал тұрақтаса, үшінші орынды Дембеленің клубтас әріптесі Витинья еншіледі.
Әйелдер арасында Алтын допты "Барселона" ойыншысы Айтана Бонмати жеңіп алды. Бұл оның қатарынан үшінші мәрте үздік атануы, тарихи жетістікке айналды.
Марапат бірнеше номинацияны қамтыды: ерлер мен әйелдер арасындағы "Алтын доп", Копа трофейі (жас ойыншы), Яшин трофейі (үздік қақпашы), Герд Мюллер трофейі (үздік сұрмерген), Йохан Кройф трофейі (үздік бапкер), жылдың клубы және Сократес жүлдесі (әлеуметтік әрі гуманитарлық еңбегі үшін).
2025 жылғы жеңімпаздар:
• Ерлер арасындағы "Алтын доп" — Усман Дембеле ("Пари Сен-Жермен")
• Әйелдер арасындағы "Алтын доп" — Айтана Бонмати ("Барселона")
• Копа трофейі (ерлер) — Ламин Ямал ("Барселона")
• Яшин трофейі — Джанлуиджи Доннарумма ("Пари Сен-Жермен")
• Герд Мюллер трофейі — Виктор Гёкерес ("Спортинг")
• Жылдың бапкері (ерлер) — Луис Энрике ("Пари Сен-Жермен")
• Әйелдер клубы — "Арсенал"
• Сократес жүлдесі — Xana Foundation
Ерлер арасындағы "Алтын доптың" үздік 20 номинанты:
Усман Дембеле ("Пари Сен-Жермен")
Ламин Ямал ("Барселона")
Витинья ("Пари Сен-Жермен")
Мохамед Салах ("Ливерпуль")
Рафинья ("Барселона")
Ашраф Хакими ("Пари Сен-Жермен")
Килиан Мбаппе ("Пари Сен-Жермен")
Коул Палмер ("Челси")
Джанлуиджи Доннарумма ("Пари Сен-Жермен")
Нуно Мендеш ("Пари Сен-Жермен")
Педри ("Барселона")
Хвича Кварацхелия ("Наполи")
Харри Кейн ("Бавария")
Дезире Дуэ ("Ренн")
Виктор Гёкерес ("Спортинг")
Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид")
Роберт Левандовски ("Барселона")
Скотт Мактоминей ("Манчестер Юнайтед")
Жоау Невеш ("Бенфика")
Лаутаро Мартинес ("Интер")

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
