Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж прокуратурасы Луврдағы ұрлықты кім ұйымдастырғанын айтты

Париж прокуратурасы Луврдағы ұрлықты кім ұйымдастырғанын жария етті

Фото: Abdul Saboor/Reuters

Париж прокуроры Лора Бекко Луврды ұйымдасқан қылмыстық топтың кәсіби мүшелері емес, ұсақ қылмыскерлер тонап кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Европейская правда басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Лора Бекконың айтуынша, бұл әдеттегі қылмыс түрі емес, бірақ қылмыстың бұл түрі  жоғары деңгейдегі ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы жоқ.

“Төрт күдіктінің де, соның ішінде олардың бірінің сүйіктісінің де, ұйымдасқан қылмыстық топтардың күрделі операциялар жүргізе алатын кәсіби мүшелеріне тән белгілері жоқ”, – деді прокурор.

Ол күдіктілердің жергілікті тұрғындар екеніне сенімді. Ол ұрылар Париждің солтүстігінде орналасқан, табыс деңгейі төмен Сена-Сен-Дени ауданынан деген болжам жасады. 


Луврдағы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен әйел ұсталды


Парижде Луврды тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды


Төрт ұрының үшеуі ұсталғанын айтқан Лора Бекко кем дегенде бір адамның әлі бостандықта жүргенін айтты. Сондай-ақ ол басқа сыбайластардың болуы да мүмкін екенін жоққа шығармады.

Еске салайық, бұған дейін Парижде Лувр мұражайынан бағалы зергерлік бұйымдар ұрланғанын жазған едік. Франция президенті Эмманюэль Макрон бұл оқиғаға байланысты пікір білдіріп, ұрланған жәдігерлердің міндетті түрде қайтарылып, кінәлілердің жауапқа тартылатынын айтты. Ал осыдан бұрын Павел Дуров Луврдан ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 03 Қараша, 2025 08:56
Талқылау