Париж Паралимпиада ойындары: Ерғали күміс, Даяна қола жүлдегер атанды
Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстандық дзюдошылар күміс пен қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Пара дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Ерғали Шәмей мен Даяна Федосова жүлдегерлер қатарынан көрінді. J1 санаты бойынша 73 келіде өнер көрсеткен Ерғали финалға дейін еркін жеткен, бірақ алтын жүлде үшін белдесуде румыниялық спортшы Флорин Александру Бологадан ұтылып, күміс жүлдені місе тұтты. Сондай-ақ J2 санатында сынға түскен пара дзюдошы Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ол 57 келі салмақтың қола жүлдесі үшін белдесуде түркиялық қарсыласын жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында дзюдодан Ақмарал Науатбек J2 санатында өнер көрсетіп, 48 ке салмақ дәрежесінде чемпион атанғанын жазған едік.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандықтардың жалақысының аз болуы түбінде неге әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі