Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж олимпиадасында өнер көрсететін этникалық қазақтардың қарсыластары кім

Париж олимпиадасында шаршы алаңға шығатын этникалық қазақ боксшылардың кімдерге қарсы жұдырықтасатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: IBA 

Париж олимпиадасында өнер көрсететін этникалық қазақтар Руслан Абдуллаев пен Тоқтарбек Таңатханның шаршы алаңда кімдерге қарсы жұдырықтасатыны анықталды. Өзбекстанның атынан сынға түсетін Абдуллаев алғашқы айналымда мексикалық Мигель Мартинеске қарсы жұдырықтасса, Қытайдың үкілеп үміт артып отырған этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол екінші кезеңде тайландтық Веерапон Джонджохо мен доминикалық Кристиан Пиналес арасындағы жұптың жеңімпазымен жұдырықтасады. Айтпақшы, Тоқтарбек жартылай финалда Айбек Оралбаймен жолығуы әбден мүмкін. 


Париж олимпиадасы: Мұхамедсабыр Базарбайұлының жігері жеңіске жетелейді


Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылардың алғашқы айналымда кімдерге қарсы жұдырықтасатыны туралы жазған едік. 

Талқылау