Париж әкімшілігіне әйел басшылардың тым көп болғаны үшін 90 мың еуро айыппұл салынды
Париж әкімшілігінде басшылық лауазымдардағы әйелдердің саны тым көп болғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Франция астанасы әкімшілігінің басшысы Анн Хидалго хабарлап, бұл шешімді "абсурд" деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Францияның мемлекеттік қызмет министрлігі мэрия өз штатында 2018 жылы гендерлік тепе-теңдіктің ұлттық ережелерін бұзды деген себеппен 90 мың еуро айыппұл салуды талап етті. Сол жылы басшылық лауазымдарда11 әйел 5 ер адам болған. Яғни, басты лауазымдардың 69 пайызы нәзік жандыларды құрады. Заң бойынша, жыныстардың бірінің өкілдері басшылық лауазымдардың 60 пайызынан аспауы керек.
"Бізге айыппұл салынғанын хабарлауға қуаныштымын. Бірақ анығында айыппұл орынсыз, әділетсіз, абсурд", - деді Хидалго қалалық кеңестің отырысында.
Әкім айыппұл туралы чекті Үкіметке өзінің орынбасарларымен және оның командасында жұмыс істейтін барлық әйелдермен бірге алуға уәде берді. Қала басшысы Франциядағы әйелдерді тек алға жылжыту керек деп атап өтті, өйткені артта қалып кету қаупі бар.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
