Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж-2024: Сметов пен Абужақынованың олимпиададағы қарсыластары анықталды

Париж олимпиадасының алғашқы күнінде жарыс алаңына шығатын дзюдошылардың жеребесі тартылып, отандастарымыздың қарсыластары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж олимпиадасының алғашқы күнінде бозкілемге шығатын Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынованың қарсыластары белгілі болды. 48 келіде өнер көрсететін Әбиба алғашқы айналымда израилдік спортшы Шира Ришониға қарсы белдеседі. D тобына түскен Әбибаның финалға дейін жетуі мүмкіндігі мол. Алғашқы айналымнан сүрінбей өткен жағдайда Әбиба колумбиялық пен тайпейлік балуан арасындағы жұптың жеңімпазымен белдеседі.


Париж олимпиадасы: Сметов соңғы олимпиадасында атой сала ала ма


Ал Елдос Сметов алғашқы айналымда-ақ азулы нидерландық Торнике Цакадоеаға қарсы сынға түседі. Егер Сметов Торникенің осал тұсын тапса, өзбек Достан Рузиев пен украин Дильшот Халматов арасындағы жұптың жеңімпазымен жолығады. Айтпақшы, Елдостың тобында Токио олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юнг Вэй те бар.Екеуі ширек финалда жолығу мүмкін.  

Талқылау