Париж-2024: Сәкен өзбекстандық олимпиада чемпионынан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден
51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбекстандық боксшы, олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовпен кездесті. Алғашқы раундтты айқын басымдықпен ұтса да, төрешілердің тек үшеуі ғана жеңісті Сәкенге берді. Ал екінші раундта тіпті жеңісті өзбекстандық боксшыға үш төреші беріп жіберсе, үшінші раундта барлық төреші Хасанбой жеңіске жетті деп тапқан. Сәкен үш раунд бойы қарсыласынан бір бас жоғары деңгейде жұдырықтасса да, төрешілердің құрбаны болып, жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасында жалғыз Нұрбек Оралбай жартылай финалға жолдама алып отыр. Қалған боксшыларымыздың барлығы жеңіліс тапты.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"

