Париж-2024: Махмұд Сабырхан ширек финалға шыға алмады
Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Париж олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: IBA
Махмұд Сабырхан Париж олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіліске ұшырады. 57 келіде өнер көрсететін отандасымыз Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, испаниялық Хосе Кильес Бротонсқа жұдырықтасып, төрешілердің “бармақ басты, көз қысты” әрекетінің құрбаны болды. Осылайша Махмұд Қазақстан құрамасындағы жеңіліске ұшыраған үшінші боксшы атанды. Ол ширек финалға жолдама алғанда осы олимпиада ойындарының басты фавориті, өзбек Халаковпен жұдырықтасатын еді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасындағы Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы айналымда жеңіліп қалған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн