Париж-2024: Демеу Жадыраевтың қарсыластары кім
Бүгін грек-рим күресінен жарыс жолына шығатын Демеу Жадыраевтың алғашқы айналымдағы қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Грек-рим күресінен екінші жарыс күнінде бозкілемге Демеу Жадыраев бақ сынайды. 77 келі салмақта белдесетін балуанымыз алғашқы айналымда колумбиялық Хаир Куэроға қарсы шығады. Жадыраев алғашқы айналымнан сүрінбей өтсе, қырғызстандық Ақжол Махмұдов пен америкалық Камал Бэй арасындағы жұптың жеңімпазымен жолығады. Сондай-ақ бұл топта екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әзірбайжандық Санан Сулейманов бар. Айтпақшы, Демеу осыдан жеті жыл бұрын дәл осы Париж қаласында әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған еді.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Париж олимпиадасында ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықов жарысты жүлдесіз аяқтағанын жазған едік.
Талқылау

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
Қазақта балалы үйге қай уақытта қонақ бармағанын этнограф Бұлбұл Кәпқызынан сұрап білдік

“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты
Мөлдір Мұқан: "Күйеуімнен қолдау таппадым"