Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж-2024: Бүгін жарыс алаңына кімдер шығады

Бүгін Париж олимпиадасында бақ сынайтын Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа қатысу уақыттары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

12:30. Стенд ату. Трап. Іріктеу кезең.

Ерлер арасында Эдуард Ещенко Қазақстанның атынан шығады. 

13:15. Жеңіл атлетика. Биікке секіру, іріктеу (әйелдер)

Надежда Дубовицкая және Елизавета Матвеева.

13:00. Дзюдо. 1/16 финал (әйелдер)

Камила Берліқаш — Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия). 78+ кг.

14:00. Жүзу. 100 метрге баттерфляй әдісі бойынша іріктеу (ерлер)

Әділбек Мусин.

16:30. Семсерлесу. Командалық шпага (ерлер)

Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов. Финал 22:30-ға жоспарланған.

20:20 Бокс. 1/4 финал (ерлер)

Нұрбек Оралбай – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан). 80 кг.

21:00. Батутқа секіру. Іріктеу (ерлер)

Данил Мұсабаев. Финал 22:50-ге жоспарланған.

23:30. Бокс. 1/8 финал (әйелдер)

Карина Ибрагимова – Эшлионн Лосада Мотта (Пуэрто-Рико). 57 кг.

00:52. Бокс. 1/4 финал (ерлер)

Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан). 51 кг.

Айта кетейік, әзірше Қазақстан құрамасының қоржынында Париж олимпиадасының 1 алтын 2 қола жүлдесі бар.

Даурен Түлкібай
Жұма, 02 Тамыз, 2024 08:20
Талқылау
`