Париж-2024: Бүгін жарыс алаңына кімдер шығады
31 шілдеде Париж Олимпиадасында бақ сынайтын Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа қатысу уақыттары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11:30 Триатлон, әйелдер арасындағы жеке жарыс. Қазақстанның атынан Екатерина Шабалина шығады.
12:00 Ерлер арасында 50 метр қашықтықта үш позициядан мылтық ату. Ислам Сәтбаев пен Константин Малиновский бақ сынайды.
14:16 Бокс, ерлер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Махмұд Сабырхан испаниялық Хосе Куилес Бротонспен жұдырықтасады.
18:00 Үстел теннисінен Кирилл Герасименко шығып, мысырлық Омар Ассарға қарсы өнер көрсетеді.
20:30 Көркем гимнастикадан ерлер арасындағы финалға Қазақстан атынан Милад Карими қатысады.
00:36 1 тамыз Бокс, әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Валентина панамалық Хальзова Атейна Бибейчи Байлонмен күш сынасады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

