Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж-2024: Боксшыларымыздың кімдерге қарсы жұдырықтасатыны белгілі болды

Париж олимпиадасында сынға түсетін боксшылардың жеребесі тартылып, алғашқы айналымдағы қарсыластар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

Париж олимпиадасында бақ сынайтын боксшыларымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды. Кейбіреулері алғашқы айналымда-ақ мықтылармен жұдырықтасады. Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың бірінші кезеңдегі қарсыластарын ұсынамыз:

Ерлер: 

51 келі. Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)

57 келі. Махмұд Сабырхан – Хосе  Кильес (Испания)

63,5 келі. Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)

71 келі. Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)

80 келі. Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)

92 келі. Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)

+92 келі.  Қамшыбек Қоңқабаев -  Гадфа Дрисси (Испания)


Париж – Шымбергеновтің шыңы: Париж олимпиадасында Қазақстанның туын ұстайтын Асланбек алтыннан үмітті


Әйелдер:

50 келі.  Назым Қызайбай - Джиордана Соррентино (Италия)

57 келі.  Карина Ибрагимова - Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)

75 келі. Валентина Хальзова - Атейна Билон (Панама)

Айта кетейік, былғары қолғап шеберлерінің алғашқы жекпе-жектері 27 шілде басталады. Жарыстың алғашқы күнінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық боксшымен жұдырық түйістіреді.

Талқылау