Басты жаңалықтар
Париж-2024: Әділбек Мусин жартылай финалға шыға алмады
Жүзу спортынан Қазақстан құрамасының спортшысы Әділбек Мусин Париж олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Әділбек Мусин олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне қатысып, келесі кезеңге өте алмады. 100 метрге шалқалап жүзуден сынға түскен отандасымыз 100 метрді 49,92 секундта бағындырып, өз тобында сегізінші орын алды. Жалпы есепте 41-орыннан көрінген Әділбектің бұл нәтижесі олимпиаданың жартылай финалына шығу үшін жеткіліксіз болды. Жартылай финалға үздік 16 спортшы ғана өтеді. Әділбек Мусин бұл қашықтықты 2022 жылғы Азиада ойындарында 49,10 секундта жүзіп өтіп, жеке рекордын орнатқан еді.
Айта кетейік, бұған дейін бүгін жарыс алаңына шыққан дзюдошыларымыздың екеуі де алғашқы айналымда ұтылғанын жазған едік.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған