Париж-2024: Әділбек Мусин іріктеу кезеңінен өте алмады
Жүзу спортынан Қазақстан құрамасының спортшысы Әділбек Мусин Париж олимпиадасының іріктеу кезеңінен өте алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісі бойынша жүзуден жарыс алаңына шығып, іріктеу кезеңінен өте алмады. 100 метрге шалқалап жүзуден жартылай финалға шыға алмаған отандасымыз баттерфляй әдісі бойынша да іріктеу кезеңінен өте алмады. 40 спортшы қатысқан аталмыш бәсекеде отандасымыз 52,74 секундты тіркеп, финалдық кезеңге шыға алмады. 40 жүзгіштің ішінен тек 16 жүзгіш жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін бүгін жарыс алаңына шыққан қазақстандық спортшылардың ішінде дзюдошы Камила Берліқаштың да алғашқы айналымда жеңіліп қалғанын жазған едік.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ