AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қорының тәрбиеленушілері баскетболдан жүлделі болды

Шымкент қаласында "Спорт тәлімгері" бағдарламасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысқан баскетболдан ашық республикалық турнир өтті. Спорттық шара Ермаханбет Ұласбекті еске алуға арналған.

10-16 шілде аралығында Шымкент қаласында баскетболдан Ермағанбет Ұласбекті еске алуға арналған ашық Республикалық турнир өтті. Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қорының "Спорт тәлімгері" бағдарламасы аясында өткен турнирге Шымкент қаласының №4 балалар үй тәрбиеленушілері қатысты.

Турнирде 6 командадан тұратын 84 жас спортшы бірікті, олар жеңіске жету жолында барын салды. Алаң иелері 2 медаль иесі атанды.

Осы орайда баскетбол секциясының бас бапкері, спорт шебері, ҚР Ұлттық санатының төрешісі, көптеген чемпионат пен турнир жүлдегері Данил Валерьевич Серединский өз пікірімен бөлісті.

"Мен 2021 жылдың 10 қарашасынан бастап "Спорт тәлімгері" бағдарламасында жаттықтырушы болғаныма қуаныштымын. Маған өте дарынды балалармен жұмыс істеуге және олардың жетістіктерін бақылауға мүмкіндік берілді. Спорт денені ғана емес, рухты да шыңдайды. Біз жеңілмеуге және күн сайын өз-өзімізді дамытуды мақсат етіп отырмыз. Балалардың көзіндегі отты жағу үшін жаттығу кезінде ынталандыру маңызды", – дейді ол.

Спорттық шара аясында Шымкент қаласының №4 балалар үйінен бес жасөспірім үздік ойыншылар болып танылды. Олардың қатарында Андрей Даянов, Оразхан Асламбек, Георгий Гусев, Бекмұхамед Асламбек, Богдан Кириченко бар.

"Спорт тәлімгері" бағдарламасының тәрбиеленушілері басқа командалардан кем түспеді. Бар күш-жігерін салды. Өкінішке қарай, ұлдар жүлделі орынға ие болмады, бірақ командалық рух пен жеңіске деген ерік көрсетті.

Мұндай турнирлерді өткізу және ойын тәжірибесі болашақта қажетті дағдыларды игеруге және тәжірибелі ойыншылармен бәсекелесуге мүмкіндік береді. Балалар өте ынталы, техникасы мен болашағын айқын көрсетеді. Жас спортшылардың кәсіби жаттықтырушымен айналысуға мүмкіндігі бар", – деп түсіндірді жарыстың бас төрешісі Владимир Николаевич Собитов.

"Спорт тәлімгері" — Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қорының балаларға өмірдегі еш қиындыққа қарамастан сенімділікке үйрететін, сондай-ақ спорттың көмегімен физикалық және әлеуметтік дағдыларды дамытуға көмектесетін бағдарлама. Спорттық жаттығулар тәртіпке, өзіне деген сенімділікке және командада жұмыс істей алу сияқты қасиеттерді дамытатын құрал ретінде қолданылады. Жоба арқылы балалар өздеріне сенімді болуды, күш-жігерінің арқасында бәріне жетуге болатынын ұғынады. 

"Біздің қор жас балалардың спорттық әлеуетін ашуды, өзіне деген сенімділікті дамытуды және жаңа шыңдарды бағындыруды мақсат етіп отыр. Біз балалардың әртүрлі спорт түрлеріне, командалық немесе жеке жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Мұнда бас назар спорттық тәлімгерге жасалады. Себебі тәлімгерлер балаға бағыт береді, спорттық дамудың дұрыс векторын орнатады және өзін-өзі табуға, әлеуетін арттыруға көмектеседі", – деді PM Foundation компаниясының Қазақстандағы өкілі Виктория Андреева.

Айта кетейік, Parimatch Foundation – 2019 жылы құрылған халықаралық қайырымдылық қоры. Қордың мақсаты –балаларға спортпен шұғылдануға және оқуға тең мүмкіндік пен қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр