AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парагвайда кісі қолынан көз жұмған бизнесмен Қазақстан азаматы емес – СІМ

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Парагвайда көз жұмған бизнесменнің Қазақстан азаматы екенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ол біздің азаматымыз емес, тіпті ешқашан болған да жоқ. Кеңес одағы кезінде ҚазКСР-де туып, 80-ші жылдары көшіп кеткен", –  деп мәлімдеді ведомство.

СІМ ақпаратынша, полиция оның ресейлік төлқұжатын тапқан.

Бұған дейін ресейлік БАҚ Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылғанын хабарлады. Адам сүйегі екі сөмкенің ішінде жатқан. Өлер алдында жәбірленушіні аяусыз соққыға жығып, ұзақ уақыт азаптаған. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Боливияның екі азаматы ұсталды.

Анықталғандай, қаза болған азамат – 41 жастағы Михаил Леготкин. Ол – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 80-ші жылдары Парагвайға көшіп, сол жақта азаматтық алған.

Леготкиннің жоғалғаны жайлы 3 ақпан күні таңертең марқұмның іскерлік серіктесі хабар берді. Парагвайда ер адам бизнеспен айналысқан – қонақүйі болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаскөйлер оны 2 мың доллар үшін өлтіріп кеткен. Күдіктілер әуежайда Парагвайдан кеткелі жатқан жерінен ұсталды.

Ұсталғандардың бірі кінәсін бірден мойындады. Тергеу жүріп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр