Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парацетамолды басқа қандай дәрімен алмастыруға болады

Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік тізілімде тіркелген құрамында парацетамолы бар препараттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызуды төмендететін құралдар тізімінде:

Парацетамол;
ТераФлю;
Цефекон;
Панадол;
Эффералган
Цитрамон П;
Фервекс және басқалар.

Төменде Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК-да ұсынылған дәрілік препараттардың толық тізімі келтірілген.

дәрі

Айта кетейік, Қазақстанның көптеген қалаларының тұрғындары парацетамол мен басқа да препараттардың тапшылығына шағымданып жатыр.

Осыған орай Қазақстанда бір адамға сатылатын дәрі-дәрмек санына шектеу қойылатын болды.

Ал денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова қазақстандықтардан антибиотиктерді өз бетімен ішпеуді және өзін-өзі емдеумен айналыспауды өтінді. 

Талқылау