Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Папиллома "әйелдердің ғана вирусы емес": Депутаттар ер балаларға жаппай вакцина салуды қолдады

Фото: Ru.freepik.com

Депутат Асхат Аймағамбетов денсаулық сақтау министріне ер балалар арасында ерікті түрде адам папиллома вирусына қарсы вакцина жүргізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутаттың айтуынша, ер балаларға папиллома вирусына қарсы вакцина салу мәселесіне қатысты ата-аналар арасында түрлі сауал туған. 

“Қазір Қазақстанда қыз балалар адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпені тегін ала алады. Бұл – мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектесетін үлкен жетістік және маңызды шешім. Енді осы тәжірибені кеңейту қажет деп ұсынып отырмыз. АПВ – тек "әйелдердің ғана вирусы” емес. Папиллома вирусы жатыр мойны обырын ғана емес, сонымен қатар ер адамдарда да көмей, ауыз қуысы және тік ішек обырын тудыруы мүмкін”, – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Ол қазір көптеген елдерде ер балалардың қыздармен бірдей екпе алып жатқанын алға тартты.

“Осы себепті біз екпені ерікті түрде алу мүмкіндігін ұсындық. Екпені дәріханалардан табу қиын. Сондықтан оны мемлекет тарапынан барлық қалаушыларға қолжетімді ету маңызды. Біз Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы қолдайды деп үміттенеміз”, – делінген жазбада.


"Бала босануына әсер етпейді": Маман папиллома вирусына қарсы екпенің қандай кері әсері болуы мүмкін екенін айтты


Қазақстанда папиллома вирусына қарсы қыздарды вакцинациялау басталды: Ата-аналар нені білуі керек


Депутат вирустың ұлдар үшін де қауіпті екенін айтып, олардың денсаулығын назардан тыс қалдырмауды ескертті.

Бұған дейін Қазақстанда ер балаларға папиллома вирусына қарсы вакцинация жүргізу жоспарланып отырғаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 16:47
Талқылау