"Пандемияның жаңа толқынына дайындық": Алматыда жыл соңына дейін 500 орындық тағы бір стационар салынады

2020 жылдың соңына дейін Алматыда 500 орындық аурухана пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Пандемияның жаңа толқынына дайындалу кезінде біз бірінші эшелон ауруханаларында ауыр науқастарға арналған жұқпалы төсек-орындарды 1015 төсек орынға көбейтеміз. Жылдың аяғына дейін 500 орындық жаңа аурухана пайдалануға беріледі. Қыркүйектің ортасына дейін 300 төсектік алдын-ала дайындалған жұқпалы аурулар ауруханасы өз жұмысын бастайды", - деді Сағынтаев.

1 қазанға дейін жеке инвестициялар есебінен екі қонақүй базасында 215 орындық толыққанды инфекциялық аурулар клиникасы құрылады.

"Тамыз айының аяғында жаңа патологиялық анатомиялық бюро енгізіледі. Кадрлық резерв құрылды - 1 689 жұмысшы, оларды үнемі қайта даярлау жүргізілуде", - деді Сағынтаев.

Ол пандемия басталғалы бері Алматыда 10 965 коронавирус инфекциясы тіркелгенін, 6449 адам сауығып, 73 адам қайтыс болғанын атап өтті.

Коронавирусты жұқтырған қазақстандықтардың саны 85 мыңға жетеді

Алматыда 394 мың ПТР зерттеу жүргізілді. Бүгінгі таңда күнделікті өткізу қабілеті - 95050 зерттеу. 1 қыркүйекке дейін қуаттылық тәулігіне 19 950 зерттеуге дейін артады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда қыркүйек айына дейін тағы бір инфекциялық аурухана салынатыны белгілі болған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр