Пандемияның кесірінен қазақстандық телеарна жабылып қалды

«Қазақстан РТРК» құрамына кіретін «Тамаша» телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап эфирін тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы «Қазақстан РТРК» баспасөз қызметі мәлім етті. Олардың сөзінше, телеарнаның жабылуы пандемияға байланысты болған. 

"Әлемдік пандемия бұқаралық ақпарат құралдары саласына кері әсерін тигізуде. Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендеді. Осы күнге дейін "Қазақстан" телерадиокорпорациясының «Tamasha TV» телеарнасы жарнамадан түсетін табыс негізінде қаржыландырылып келген", -дейді баспасөз қызметі. 

Олар бұл телеарна 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шыққанын еске салды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр