Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пандемиядан кейін қай елдердің экономикасы көш бастайды 

2021 жылы әлем елдерінің экономикасы тез қалпына келеді, бірақ теңдей емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Orda.kz сайты Bloomberg-ке сілтеме жасап береді. 


Bloomberg Economics-тің болжамына сәйкес әлем экономикасының өсімі 6,9% құрайды, бұл соңғы жарты ғасыр ішіндегі ең жоғары шекті көрсеткіш болып отыр. 

Кейбір елдер пандемияға дейінгі көрсеткішке басқаларға қарағанда ертерек қол жеткізеді. 2008 жылғы дағдарысқа қарағанда бұл жолы елдердің қайта қалпына келуі біржақты болып саналады, оның ішінде әр елдегі вакцинациялау мен қаржылық саясатына байланысты. 

Сарапшылар биыл бірінші тоқсанда әлем экономикасы 1,3%-ға өседі күтіп отыр. Оның ішінде қайта қалпына келуде басты қозғалтқыш АҚШ болса, ал Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания және Жапония елдері экономикасының қысқаруы жалғасады. Сондай-ақ, дамушы елдерде де осыған ұқсас жағдай орын алмақ, бұл жерде Бразилия, Үндістан және Ресей COVID-19-бен күресте төтеп бере білген Қытайға жол береді. 

Көп жағдай елдердің халқын коронавирусқа қарсы қаншалықты жылдам түрде вакцинациялауына байланысты. Айтар болсақ, АҚШ халқының 1/4 бөлігін вакцинациялады, ал Еуроодақ болса 10 пайызға да жеткен жоқ. Одан бөлек, Мексика мен Ресейде 6%. 

JPMorgan Chase бас экономисі Брюс Касман соңғы 20 тіпті 25 жылда дамыған және дамушы елдердің көрсеткіші болжамында аса алшақтықты байқалмайтынын айтты. 

2020 жылы орталық банктердің көбісі пайыздық үстемелерді төмендетті, ендігі уақытта кейбір дамушы елдер инфляция құлдырауын мен капитал кетісін тоқтау үшін монетарлық (ақша-несиелік) саясатты күшейтуді бастады. Олардың арасында Түркия, Бразилия және Ресей бар. 


 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 05 Сәуір, 2021 14:09
Талқылау