AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пандемия кезінде жұртты алдаған: Көкшетауда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен сыбайластары қамауға алынды

Көкшетауда жасанды тыныс алу аппараты мен басқа да медициналық құрал-жабдықтарды сатып алудағы алаяқтыққа қатысты сот үкімі шықты. Туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері, жекеменшік медициналық орталықтың меңгерушісі және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айыпты деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Іс бойынша жалпы шығын 100 миллион теңгеден астам қаражатты құрайды. Үш айыпталушы да кінәлі деп танылды. 

“Сот үкімімен: Ильясов Сулен Жеңісұлы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып. Осы бап бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталған Молдантаева мен Ильясовқа қатысты таңдалған бұлтартпау шарасы үйқамақ түрінде өзгертілсін. Оларды сот залында дереу қамауға алыңыз”, – деді судья Әтімбек Жұмабеков.

Жабдық жеткізумен айналысқан Жанар Молдантаева да сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Іске қатысы бар үшінші тұлға облыстық туберкулезге қарсы диспансердің меңгерушісі Қасымжан Ташметовке бір эпизод бойынша айып тағылып, мүліктік залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Бірақ ол рақымшылыққа байланысты сот залынан босатылып бостандықта қалды. Бұл оқиға бір жыл бұрын болған. 

Пандемия шарықтап, облыста медициналық құрал-жабдықтардың тапшылығы сезіліп тұрған кезде денсаулық сақтау басқармасының басшысы бір ЖШС-нен медициналық төсек, тыныс алу аппараты және жасанды тыныс алу аппаратын сатып алған. Кейін белгілі болғандай барлық техника ескі, кепілдігі жоқ және қажетті талаптарға мүлдем сай болмаған. Тергеу келтірілген шығынды аса ірі деп бағалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен оның сыбайласы жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр