Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пандемия басталғалы бері Қазақстанда халықты вакцинациялауға қанша ақша бөлінгені айтылды

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жыл басынан бері халықты вакциналауға қанша ақша бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
 

"2021 жылға вакцина сатып алу үшін 95 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған. Соның 61 млрд теңгесі вакциналар мен оны егуге қажет шприц алу үшін жұмсалды. Сонымен қатар стационалардағы науқастарға көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін беріліп жатқан қосымша ақша бар. Оның мөлшері өткен айларда 89 млрд теңге болды. Ол ай сайын медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша беріліп отыр", – деді вице-министр.

Ведомство өкілі науқастарды емдеуге қанша қаражат жұмсалғанын да атап өтті.

"Сонымен қатар қаржы коронавирус ауруларын емдеуге, оның алдын алу шараларына бөлініп жатыр. Республикалық бюджеттен коронавирус инфекциясы расталған науқастарды емдеуге 80 млрд теңге жоспарланған. Қазір соның шетінен әрбір медициналық ұйымға бөлініп отыр. Сақтандыру қорынан коронавирусы дәлелденбеген немесе коронавирус пневмониясымен ауырған адамдарды емдеу үшін 17 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған", – деді Ажар Ғинаят.

Талқылау