Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда биіктігі үш метр сәукеле мен алты метрлік қамшы жасалды

Павлодарда а «Ұлы даланың ұлы мерекесі» атты Наурыз мейрамында биіктігі үш метр сәукеле дайындалып әкелінді.

Ұлттық бас киім инсталляциясының авторы – Лебяжі ауданы мәдениет үйінің меңгерушісі Самат Момынжанов, деп хабарлайды pavlodarnews.

«Ұлым екеуміз осындай туынды жасау туралы шешім қабылдадық, – дейді ол.

“Сәукеленің биіктігі үш метр болса, тұрғызылыған корпусы екі метрді құрайды. Бас киімді бір апатаның ішінде Жанат Меденов жасап шығарды. Жалпы, ұл мен қыз өсіріп отырған әрбір қазақтың отбасында қамшы мен сәукеле болу керек. Бұл сәукелені жасардың алдында тарихқа үңіліп, біраз зерттеулер жүргіздік. Меттал мен ағаш, түрлі оюлар қолданылды».

Самат Момынжанов алдағы уақытта «Ұлы дала елі» фестиваліне орай жігіттерге арналған бөрік жасап шығару ойында бар екенін атап өтті.

«Сәукеле ерте заманнан бері ұзатылған қыздардың басына кигізілген. Әсіресе, ауқатты отабылардың қыздарына өте қымбат бұйымдармен безендіріліп, асыл тастардан әшекейленген түрі тағылған. Осы күнге дейін сол әдет-ғұрпымен байланыстырып, отбасын құратын бойжеткендерге сәукеле тігіледі. Сондықтан кейінгі ұрпаққа осындай мұраларымыз ұмытылмасын деген мақсатпен жасап отырмыз», – дейді автор.

Сонымен қатар, Павлодар  мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерінің қолымен жасалған биіктігі – үш метр, ұзындығы – алты метрден тұратын ең биік инсталляция – қамшы көрсетілді.

Тағы да оқыңыз:

Тележурналист “Әміре” фильміне қатысты: 15-25 жастағы ақылы аз жанкүйерлер үшін кино түсіргенді қою керек қой

Қалыңдықтың бақыты болуы сәукелесінің биіктігіне байланысты (фото)

Уәдесін орындамақ болған әйел мүгедек сегіз баланы асырап алды (фото)

Талқылау