Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Палестина да өзінің тәуелсіз мемлекетін құруға құқылы – Өзбекстан президенті

Палестина да өзінің тәуелсіз  мемлекетін қалыспастыруға құқылы. Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв  осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: aqorda_resmi

Өзбекстан басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелерін Палестина мәселесіне бей-жай қарамай, ортақ ұстанымға шақырды. Шавкат Мирзиеёв Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс барлық елді алаңдатып отырғанын айтты. 

  "Әскери қақтығыстың  салдарынан бейбіт халық зардап шегіп жатыр. Әйелдер, балалар, көптеген адамдар қаза болды. Қақтығыстың одан әрі ушығу қауіпі туындап отыр.  Біз барлық тараптарды атысты тоқтатуға және бейбітшілік орнатуға шақырамыз”,- деді Өзбекстан басшысы өз баяндамасында. 

Шавкат Мирзиеёв мәселені әділ шешу үшін БҰҰ екі ел арасындағы талаптарды орындауы маңызды екендігін жеткізді. Ол сөзінде Палестина да өзінің тәуелсіз мемлекетін құруға құқылы екенін айтты.  Түркі мемлекеттері ұйымы әлемге өз ұстанымы мен қағидаттапрын көрсетуі керектігін де атап өтті.  


 

Талқылау