Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасы мүшелері жігітпен билегені үшін қыздарын ескі наныммен жазалап, өлтірді

Пәкістанда жігітпен билегені үшін отбасы қыздарын ескі наныммен жазалап, өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New9Live сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет ашық дереккөзден

Желіде Хайбер-Пахтунхва провинциясынан келген 18 жастағы қыздың белгісіз жігітпен билеп жүргені түсірілген видеоссы тараған. Видеода жәбірленушінің құрбысы да көрінген.

Полицейлердің айтуынша, видео желіде тараған кезде қыз тұратын ауылдың рулық кеңесі оны және оның құрбысын жазалап үлгерген. Қыздың құрбысын тәртіп сақшылары құтқарып қалды. Алайда олармен билеген жігіт әлі табылмады. 

Қанды қырғынға қатысы бар отбасы мүшелері қамауға алынды. Жәбірленушінің құрбысы үйіне қайтуға шешім қабылдап, өміріне қауіп төніп тұрмағанына сендірген. Қайғылы оқиға Пәкістанда резонанс тудырды. Көптеген азаматтар биліктен ежелгі дәстүр бойынша отбасы намысын қорғауға арналған мұндай жазалау әдісін тоқтатуды талап етті.

Талқылау