Пәкістан Ауғанстан астанасы Кабулға әуе соққысын жасады
Видеодан скрин
Пәкістан Ауғанстан астанасы Кабулға әуе соққысын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aamaj News басылымына сілтеме жаса хабарлайды.
Куәгерлердің мәліметінше, жарылыстар Кабулдың халық тығыз орналасқан Хайрхана Котал ауданында болған.
Ауған немесе пәкістандық билік тарапынан ресми растау әзірге жоқ.
“Пәкістан Кабулдағы нысандарға әуе соққыларын жасап жатыр. Пәкістанның дрондары төрт рет Таймани ауданындағы нысандарға соққы берген”, – делінген хабарламада.
Ауған немесе пәкістандық билік тарапынан ресми растау әзірге жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында ауқымды әскери қақтығыс басталғанын жазғанбыз.
Ауғанстан билігі Пәкістанмен шекарада болған әскери қақтығыс барысында 58 пәкістандық сарбаз қаза тауып, тағы 30-ы жараланғанын мәлімдеген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген