Пакетке орап, ағашқа асып қойған: Өскеменде тұрғындардың зәресін алған жағдайдың мән-жайы белгілі болды
Өскеменде пакетке оралып, ағашқа асылған адамға ұқсас зат тұрғындардың зәресін ұшырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде тараған фотодан қала көшелеріндегі ағаштардың біріне ілінген, қара түсті пакетке оралған, адамға ұқсас белгісіз дүниені көруге болады.
Қаладағы кафелердің бірінің қызметкерлері Хэллоуин мерекесіне орай қаланы осылай безендірмек болғандары анықталды. Тұрғындардың зәресін алған “әшекей” алынып тасталған.
Сонымен қатар ерекше идеяның авторлары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 30 АЕК немесе 110 760 теңге айыппұл салынды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі