Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ozon Қазақстан e-commerce саласындағы әйел кәсіпкердің портретін жасады

 лзон сток

Фото: corp.ozon.ru

Халықаралық әйелдер күніне орай Ozon Қазақстан алаңдағы кәсіпкер әйелдер арасында зерттеу жүргізіп, бүгінде елдегі әйелдер бизнесі қалай дамып жатқанын анықтауға тырысты. Зерттеу әйелдер кәсібі туралы бірнеше таптаурынды бірден жоққа шығарып отыр: респонденттердің 67%-ы бизнесті отбасымен сәтті үйлестіріп жүр, 40%-ы өз ісін алғашқы капиталсыз бастаған, ал олардың үштен бірі тіпті жұмыстан шықпаған. Осы ретте маркетплейстер де бұл стратегияны қазір мүмкін етіп отыр.

Негізгі мотивация – қаржылай тәуелсіздік

Ozon Қазақстан зерттеуі маркетплейсте бизнес бастаған әйелдер үшін басты қозғаушы күш қаржылық тәуелсіздік екенін көрсетті. Бұл себеп сауалнамаға қатысқан кәсіпкер әйелдердің 62%-ы үшін негізгі мотивация болған. Респонденттердің тағы 57%-ы қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту үшін бірнеше табыс көзін құрғысы келгенін айтқан.
Сонымен қатар маркетплейстегі бизнес көбіне өмірде кезігетін сәттерге жауап ретінде пайда болған екен: респонденттердің үштен бірі (36%) өз ісін бастауға өміріндегі жағдайлар себеп болғанын айтса, 31%-ын икемділік қызықтырған. Яғни олар мансаптан бас тартпай-ақ отбасымен көбірек уақыт өткізу мүмкіндігін іздеген.

Дегенмен басқа да себептер бар. Кейбірі сүйікті хоббиін бизнеске айналдырған (5%), ал енді бірін басқалар, мысалы, блогерлер немесе таныс кәсіпкер әйелдер шабыттандырған (барлығы 7%).

Отбасы мен бизнес: мінсіз тепе-теңдік

Әйелдердің бизнес бастар алдындағы негізгі қорқынышы – "кәсіп бүкіл уақытымды алып, отбасымнан алыстатып жібереді" деген ой. Ozon Қазақстан зерттеуі бұл мифті жоққа шығарды. Кәсіпкер әйелдердің шамамен үштен екісі кәсіпті жеке өмірмен сәтті үйлестіріп жүргенін айтты: сауалнамаға қатысқандардың 40%-ы мұны толықтай атқара алатынын растаса, 26%-ы көбіне үйлестіре алатынын атап өткен.

Бұл таңдау форматтың икемділігіне ғана қатысты емес: кәсіпкер әйелдердің 81%-ы жақындарынан жай ғана түсіністік емес, белсенді қолдау сезінгенін мойындаған.

Ақшасыз бизнес: нөлден бастау

Бизнес бастау үшін міндетті түрде бастапқы капитал керек деген пікір бар. Маркетплейстерге кірудің төмен шегі әртүрлі қаржылық тәжірибесі бар әйелдер үшін кәсіпкерлікті қолжетімді етеді. Зерттеу көрсеткендей, сауалнамаға қатысқан он адамның төртеуі ірі жинақсыз бизнес бастаған. Тағы 43% респондент өздерінің қаржылық жағдайын бизнес бастаған кезде қанағаттанарлық деп бағалаған. Тек әр алтыншы әйелдің қолында ғана жинағы болған. Бұл онлайн-платформалар кәсіп бастау үшін ақша жинау мүмкіндігі болмаған адамдарға да кәсіпкерлікте бақ сынап көруге мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Кәсіпкер әйелдердің 43%-ы бизнес бастаған кездегі қаржылық жағдайын "қанағаттанарлық" деп бағалаған. Яғни олардың үлкен қор жинағы болмаған, дегенмен аса қиын жағдайда да болмаған.

Бір қызығы, респонденттердің 57%-ы үшін маркетплейстегі бизнес кәсіптегі алғашқы тәжірибесі болған. Сауалнамаға қатысқан әр үшінші әйел (30,9%) "онлайн платформалар болмаса, бизнес бастауға батылым бармас еді немесе бастау әлдеқайда қиын болар еді" деп мойындаған. Маркетплейсте ғимарат жалдап, сатушылар алудың, логистиканы ұйымдастырудың қажеті жоқ. Тек бастаса жеткілікті.

Таптаурынсыз әйелдер бизнесі 

Қазақстанда әйелдер бизнесті норма ретінде қабылданады. Зерттеуге сәйкес кәсіпкер әйелдердің 60%-ы іскерлік салада гендерлік таптаурынға қатысты мәселемен бетпе-бет келмеген. Тағы 30%-ы мұны сирек байқайтынын, тіпті жұмысына да әсер етпейтінін айтты. Ал таптаурындарға жиі тап болатындар сауалнамаға қатысқандар арасында жоқ. 
Қоршаған орта да әсер етпейді. Сауалға қатысқандардың жартысына жуығы (43%-ы) әйел кәсіпкерлерге қатысты ерекше қарым-қатынасты байқамайды, тағы үштен бірі (29%) қолдау тауып, пайдалы таныстықтарға қол жеткізеді. 

Кәсіпке байыппен қарау: бәрін тастап келетіндер жоқ

Қазақстанда әйелдер бизнесі аяқ асты қабылданған шешім емес екені анықталды. Сұралғандардың тек үштен бірі (31%) жұмыстан шығып, бірден кәсіпке ауысқан. Өзгелері қауіпсіз стратегияны таңдайды. 26%-ы әлі бизнес пен жалдамалы жұмысты қатар алып келеді. 17%-ы бастапқыда кәсіп пен жұмысты қатар алып, жетістікке жеткен соң, толығымен бизнеске ауысқан. Ал әр оныншы адам (9,5%) бизнеске қосымша табыс ретінде қарап, негізгі жұмыс түріне айналдырмаған. 

Басты артықшылық – қолжетімділік пен икемділік

Маркетплейсте жұмыс істеудің негізгі артықшылығы ретінде зерттеуге қатысқандар екі факторды атайды. Біріншісі – үлкен аудиторияға қолжетімділік. Сауалнама қатысушыларының 65%-ы өз аймағынан бөлек аймақтарда сату мүмкіндігін бағаласа, 36%-ы онлайн платформаның арқасында география бизнесті енді шектемейді. Екінші негізгі фактор – бостандық пен икемділік. Мұнда үйден де істеп, жалдамалы жұмыс пен отбасыны қатар алып жүруге болады. Әрі бастау үшін миллиондар салуды керегі жоқ. 

Жұмыс моделінің мұндай нәтижесінен көп нәрсені ұғуға болады: 10 әйелдің 4-і соңғы екі жылда маркетплейстегі табыстың айтарлықтай өскенін айтады. Сұралғандардың 14%-ында табыс екі есе артса, 26%-ында айтарлықтай (20%-дан 100%-ға дейін) өскен. 

Кәсіпкер әйелдердің 40%-ы өз ісін сүйіп істейді. Олар үшін маркетплейстегі бизнес - қуаныш пен өзін қалыптастырудың негізгі көзі. Ал 43%-ы өз тәжірибесі өзге әйелдерді кәсібін бастауға шабыттандырғанын байқаған. Осылай Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі бір адамның жетістігі басқаларға тіреу болатын тұрақты тренд ретінде өсіп келеді. 

Зерттеу Қазақстандағы Ozon тапсырыс беру пунк иелері мен сатушылары арасында 2026 жылдың ақпан-наурыз айларында жүргізілді. 

Оzon - дамыған логистикалыұ желісі бар мультикатегориялы маркетплейс. Компания Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, сондай-ақ Қытай мен Түркияда бизнес жүргізіп келеді. Платформада 20-дан аса санаттағы 400 миллион тауар бар: кітаптан бастап, азық-түлік пен денсаулыққа қажет тауарларға дейін. 65,1 миллион белсенді сатып алушы Ozon-ның дамыған логистикалық инфрақұрылымы арқылы тапсырыстарын алып отыр. Логистикалық инфрақұрылым 750 мыңнан аса сатушыға тауарын Ресей және ТМД елдерінде сатуға жол ашады. 

Назархан Уән
Жұма, 06 Наурыз, 2026 20:16