Өзіңізді тексеріңіз: Тырнаққа қарап адамның қандай екенін білуге болады
Адамның тырнағына қарап-ақ оның мінезі жайлы білуге болады. Сіз де тырнағыңыздың көлеміне байланысты өзіңіз жайлы танып-біліңіз.
Тік өскен тырнақ
Сіз шығармашыл жансыз. Көппен тез тіл табысасыз. Адамдарға сізбен сөйлескен ұнайды. Сіздің достарыңыз көп. Сіз әрбір кіші қателіктерге қарап отырып үлкен қорытынды жасай аласыз.
Көлденең жалпақ
Сіз шындықты адамның бетіне тік айтататын жансыз. Сіз өзгелерге шын мәнінде көмектескіңіз келіп тұрады. Өзіңізге не керек екенін жақсы білесіз. Өзге адамдарға шыдамсыз адам ретінде көрінесіз.
Дөңгелек
Сіз өзгелермен жарыспайсыз. «Арбамен қоян алғанды» ұнатасыз. Шешім қабылдар алдында әбден ойланасыз. Достықты ұзақ жылдар бойы сақтай аласыз.
Төртбұрышты
Сіз батыл жансыз. Тәуекелге көп барасыз. Бұл сізге бизнесте не басшылықта өте керек қасиет. Өзгелердің арам ойын бірден білесіз. Сіз салмақты жансыз. Сондықтан сізді өзгелер сыйлайды. Алайда отбасыңыз бен достарыңыздың жанында өзіңізді балаша ұстайсыз.
Үшбұрышты
Сіз нағыз данышпансыз. Идея тауып қана қоймай, оны іске асыруға асығасыз. Іске тез араласып кетесіз.
Сопақша
Сіз достыққа адал әрі шыншыл адамсыз. Жақындарыңыз сізге арқа сүйей алады. Мейірімділігіңізден көп адамға сізен сөйлескен ұнайды.
Бесбұрышты
Сіз өте еңбекқор жансыз. Мақсатқа жету жолында аянбайсыз. Сіз бір істі аяғына дейін жетуге ұмтыласыз.
Тағы да оқыңыз:
Өзіңізді тексеріңіз: Даусына қарап адамның мінезін білуге болады
Шариғат бойынша тырнақты қай күні және қалай алған дұрыс
Сырт келбетіңіздің заманауи сәнге сай келмейтінін білдіретін 13 белгі