Өзіңізді сақтаңыз: Алматыдағы ауруханалардың бірінің дәрігері жантүршігерлік хабарлама жолдады
Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері Болат Түсіпхановтың аудиожазбасы мессенджерлерде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мен дәрігермін, маған сенесіз деп ойлаймын. Қазір бюджетте ақша жоқ және бәрі шаршады. Адамдар қатты айтқанда проблемалардан қаша бастады. Карантинге кетіп, ешкім шешім қабылдағысы келмейді", - деді ер адам.
Оның айтуынша, ол үнемі байланыста болған екі хирург коронавирус жұқтырған.
"Біреуі ауыр болды, жан сақтау бөлімінде жатты, әрең-әрең беті бері қарады. Екіншісі қазір жатыр. Бүгін бөлім меңгерушісі де ауырып қалды. Біз бірге отырамыз, өмір сүреміз. Біз де жұқтырған шығармыз", - деді Болат Түсіпханов.
Ер адамның айтуынша, Алматыдағы ауруханалар лық толы, палаталар мен реанимация бөлімшелерінде орындар жеткіліксіз.
"Бұл шындық. Өзіңізді сақтаңыз, сақ болыңыз. Қазір ешкім ештеңемен айналысқысы келмейді. ( ... ) Ешкім дәрі бермейді. Өзіңізді сақтаңыз. Қазір бізде хаос болып жатыр. Ешкім ештеңе істегісі келмейді, қақтығыстан қорқады", - деді хабарлама авторы.
Оның айтуынша, орташа ауырлықтағы коронавируспен ауыратын науқастарды үйде қалдырады, мұндай науқастарды "жедел жәрдем" алып кетпейді.
Дәрігердің пікірінше, "әлеуметтік жарылыс" болуы мүмкін, егер карантинді қайта күшейтсе, адамдар жұмыссыз қалады.
"Олардың карантинді әлсіреткенін қалай айтуға болатынын білмеймін. Хирургтардың шамасы келмей қалды. Жағдай бақылаудан шықты", - деді Болат Түсіпханов
Аудиожазбаға аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова түсініктеме берді. Ол дәрігердің Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханада жұмыс істейтінін растады.
Осы факті бойынша медициналық ұйымның ішкі аудит қызметі қызметтік тексеру жүргізді.
"Бұл аудиожазба Болат Түсіпхановтың жақындарының тар шеңберіне арналған және Жезқазғандағы туыстарының жабық чатына жіберілген. Осылайша, дәрігер жақындарын әлеуметтік жауапкершілікке, сақ болуға және алдын алу шараларын сақтауға шақыруға үміттенді, өйткені дайындалып жатқан отбасылық салтанат туралы білді. Болат Түсіпханов туыстарын отбасылық іс-шараларды өткізуден бас тартуға, жеке карантинді сақтауға шақырды. Дауыстық хабарда айтылған сөз шындыққа сай келмейді және туыстарын сендіру үшін айтылған", - деді Айман Байзолданова.
Ол хабарламада айтылған екі хирург-дәрігер үй карантинінде екенін айтты. Бір дәрігерде қайта тест теріс нәтиже көрсетті және ол жұмысқа кіріседі.
"Клиника карантиндік шараларды сақтай отырып штаттық режимде жұмыс істейді: кіруге және науқастарға баруға тыйым салынған, науқастарды қабылдау бөлмесінде алып жүру шектелген, клиникада ЖРВИ, тұмау және ауыр жіті респираторлық инфекциялар пациенттерін тексеру сүзгісі жұмыс істейді", - деді Айман Байзолданова.
Ол, сондай-ақ, пациенттер толық көлемде емделіп жатқанын айтты.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
