Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзіңізді “бет картасының” көмегімен емдеңіз

Халық “Көз – жанның айнасы” дейді. Көз адамның жан дүниесінде не жатқанын көрсетсе, тері адамның қандай ауруға шалдыққанынан сыр шертеді. Қытайлық дәрігерлер терінің әр бөлігі белгілі бір ағзамен байланысты деген пікірде. Яғни тері түсінің өзгеруі, жаралар мен безеулер адам денсаулығының нашарлауының сигналы болуы мүмкін.

Қай ағзамыздың ауырып жатқанын мына “бет картасы” арқылы анықтауға болады. Бар болғаны, бетіңіздің терісіне жақсылап үңіліп, оны осы картамен салыстырыңыз.

Маңдайдағы безеулер

Қуық пен аш ішек ауыра бастаса, адамның маңдайына безеу көп шығады. Бәлкім асқазаныңыздың асты қорытып үлгермеуіне майлы, тәтті тағамдарды көп тұтынатыныңыз себеп шығар. Ішімдікті шектен тыс тұтынуыңыз да ғажап емес. Бұл созылмалы күйзеліс пен ұйқысыздық салдары болуы мүмкін. Денсаулығыңызды қалыпқа келтіргіңіз келсе, жағымсыз тағамдар мен алкогольден бас тартыңыз.

Қас арасы

Бұл – бауыр индикаторы. Бетіңіздің осы бөлігіне безеудің көп шығатынын байқасаңыз, бауырыңыздың мазалап жүргені. Ол рационыңыздағы көп мөлшерде тұтынатын етке қарсылық танытып жатқан болар. Әрине, еттен түбегейлі бас тартудың қажеті жоқ. Бар болғаны оның мөлшерін азайтып, өңделмеген көкөністерді көбірек тұтыныңыз. Мұнымен қатар, көп қозғалудың пайдасы зор екенін ұмытпаңыз.

Көз айналасындағы безеулер

Көз айналасындағы теріңіздің түсінің өзгергенін немесе безеулердің көптеп шыға бастағанын байқасаңыз, бүйрегіңіздің ауырып жүргені. Әдетте бүйрек шылым шегіп, ішімдік ішкен кезде ауырады. Мұнымен қатар, қан айналымының дұрыс жүрмеуі салдарынан ауырады. Оның жұмысын қалыпқа келтіру үшін ішімдіктен, кофе мен тәтті сусындардан бас тартып, оларды сумен алмастырыңыз.

Мұрын

Беттің бұл бөлігіне безеу жиі шықпаса да, қара дақтар көптеп пайда болады. Олар қан айналымының дұрыс жүзеге аспауынан, іштің кебуінен және қан қысымының жоғарылауы салдарынан болуы мүмкін. Сіздің ағзаңызға детокс пен белсенділік қажет. Спортпен шұғылданып, холестерин деңгейін қатаң бақылаңыз.

Бет

Беттің бұл бөлігіне өкпе жауапты. Егер бетіңізге безеу көптеп шығып кеткен болса, шектен тыс шылым шегіп, астма сынды ауруға шалдыққан боларсыз. Ең дұрысы – шылымнан түбегейлі бас тартып, таза ауада көбірек серуендеу. Сол кезде өкпеңіз сізге алғыс айтады.

Ауыз бен иек

Бұл бөлік асқазанға жауап береді. Кофе, майлы тағам, кеш ояну, күйзеліс сындылар ауыз бен иек тұсында безеудің көп шығуына себепші. Мұның барлығын көтере алмаған асқазан осылайша қарсылық білдіреді. Сізге шұғыл тамақтану тәртібіңізді өзгертіп, оны жеміс пен көкөністермен толықтырғаныңыз дұрыс. Тіпті, болмаса дәрігерге жолыққаныңыз жөн.

Мойын мен иектің төменгі бөлігі

Бұл – гормональдық бұзылулардың белгісі. Сізге тез арада дәрігерге жолыққан жөн. Мұнымен қатар, бұл тұзды тағамдарды шектен тыс көп тұтынып, ағзаға су жетіспеуімен байланысты болуы мүмкін. Ағзадағы су балансын қалыпқа келтіру қажет.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар: Мұны жасамайынша ұйықтамаңыз

Ғалымдар жалғыз тамақ ішудің не себепті зиян екенін түсіндірді

Аштықтың қартаюға қарсы пайдасы дәлелденді

Қарағанды облысында тиісті екпе алмаған 3 бала туберкулезге шалдықты

Талқылау