Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қажетті құжатты сұрағаны үшін: Шымкентте ер адам ХҚКО қызметкерін ұрып жіберді (видео)

Шымкент қаласында ер адам өзіне тиісті құжаттарды әкелмейінше қызмет көрсетпейтінін айтқан ХҚКО қызметкерін жұдырықпен ұрып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

куәлік

Оқиға 22 тамыз күні сағат 12:00 кезінде Шымкент қаласындағы Еңбекшіқазақ ауданында болды. Ер адам аталған орталыққа өзінің танысымен бірге жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін келген. Оператор одан жеке куәлігін сұраған кезде оның кезекке арналған электронды талонды танысының құжаты арқылы алғаны белгілі болады. Өзімен бірге тек көшірмесін ала келген екен. 

«Ер адамға жеке куәлік көшірмесін қабылдай алмайтынын айтқан кезде, ол осы көшірмемен рәсімделгенін айтып қарсылық білдірген. Оператор тағы да қабылдамайтынын айтқан кезде ол бетінен ұрып жібереді. Мұны фронт кеңсенің қызметкерлері де, залда отырғандар да көрді», - деді Мұрат Жұманбай. 

ХҚКО жетекшісі полиция шақырған, ал ер адам қан қысымының көтерілгенін айтып жедел жәрдем шақыртқан. Полиция қызметкерлері жылдам келіп, қызметкердің шағымын қабылдап, ер адамға қатысты мәліметтерді жазып алды. Ер адам жедел жәрдем қызметкерлерімен кетіп қалған. 

«Бұл ХҚКО қызметкеріне шабуыл жасалып тұрған алғашқы жағдай емес. Осыған ұқсас жағдай Нұр-Сұлтан қаласында жаз айының басында болған еді», - деді Мұрат Жұманбай. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алматы қаласындағы баспасөз орталығында аналар мен ер адамның төбелескені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау