AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіне қол жұмсамақ болды": Түркістан облысының тұрғыны жолда тұрған қызды көлігіне салып зорлап тастаған

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорлаған күдіктіге сот үкімін үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ауданаралық сот мәліметінше, оқиға 2021 жылдың қараша айында болған. Мамандандырылған ауданаралық соты азамат Қыпшақбаевқа қатысты үкім шығарды.

Белгілі болғандай, 1986 жылғы күдікті жеке көлігімен Жетісай қаласына келе жатып, жолда тұрған қызды көреді. Ер адам қыздың жанына тоқтап, оны апарып тастауға ұсыныс жасайды, қыз келіседі. Содан соң азамат Қыпшақбаев жолда жүк көлігін тоқтатып, кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасап, оны зорлап тастайды.

Осы оқиғадан кейін жәбірленуші үйіне келіп өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қайғылы оқиғаның алдын алған жақындары дер кезінде полицияға хабарласады. Зорлықшы дереу қамауға алынады.

"Ж.Қ. есімді азаматтың кінәсі қылмыстық іс бойынша жүргізілген өзге де дәлелдемелермен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді", - деп хабарлады Түркістан облысының ауданаралық мамандандырылған соты.

Қыпшақбаев кінәлі деп танылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған кәмелетке толмаған баланы зорлау және өзіне қол жұмсауға итермелеу сияқты бірнеше бап бойынша айып тағылды.  Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр