Өзіне қол жұмсаған қыз: Ауру мені жеңді! Күресуге қауқарым жоқ
Кез келген адам үшін қоғамның ортасында өмір сүру маңызды. Мұнымен қатар, көптеген адам өзі өмір сүріп отырған қоғамның пікіріне тәуелді. Бірі арық болуды сын көрсе, екіншілері осының салдарынан өмірімен қош айтысып жатады.
Бұл туралы anews.com басылымы хабарлайды.
Бірнеше жыл бұрын 15 жастағы Пиппа Макманус анорексиядан емделе алмаған соң өзіне қол жұмсаған болатын. Жасөспірім пойыздың астына түсіп өлмек бұрын хат жазып қалдырған екен. Хатта “Мен аурумен күресіп жүрген кезде, ол мені жеңіп кетті” деп жазған.
Пиппа 12 жасынан бастап өзінің салмағына бола алаңдаған. Жасөспірім жастайынан сәнбикелерге еліктеп өскен. Бір күні өзін тым толықпын деп ойлап, аз тамақ іше бастаған. Көп ұзамай ата-анасы оның тым қатты арықтап кеткенін байқайды. Алайда ешкім жасөспірімге бұл аурудың қаншалықты өмірге қауіпті екенін айтып түсіндіре алмаған.
Жасөспірім Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында талып қалып, ауруханаға жеткізіледі. Ол кезде Пиппаның салмағы небәрі 27 килограмм болған. Пиппа ауруханада жатқанның өзінде өмірімен қош айтыспақ болған. Ата-анасының қуанышына орай, оны сол сәтте дәрігерлер құтқарып үлгереді.
Осыдан кейін дәрігерлер оның емді үйде жалғастырғаны дұрыс деген шешім қабылдайды. Алайда Пиппа үйіне келгеніне 2 сағат болмай жатып пойыздың астына түсіп ажал құшады. Қайғылы оқиғадан кейін жасөспірімнің ата-анасы анорексиямен ауыратын балаларға көмектесетін қайырымдылық қор ашады.
Жіберіп алмаңыздар:
Ұлыбритания соты 11 айлық сәбиді өлтіру туралы шешім шығарды
Бразилиялық суретші көрермендердің алдында тыржалаңаш шешініп тастады (видео)
Көріңіздер: Болашақтың метросы қандай болады (видео)
Өзенге батқан баланы құтқарып қалған күйеу жігіттің суреті жұртты тәнті етті (фото)