Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіңді жек көресің": Бойы ұзын қыздар өз ерекшеліктеріне қалай үйренгенін айтып берді

Бойдың ұзын болуы жігіттерге жарасқанымен, қыздардың бас ауруы екені жасырын емес. Бойы ұзын қыздардың басты артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? Олар өздерін "керік", "швабра", "шланга" деп келеке ететіндерге қалай төтеп береді? Stan.kz тілшісі бойы 1.80 см-ден асатын қыздармен сұхбаттасып, қиындықтары туралы өздерінен сұрап көрді.

Бойы ұзын қыздар

23 жастағы Әсем Лесбектің бойы - 1,83 см. Мектепте оқып жүргенде сыныптастарынан әлдеқайда биік болуы және олардың мазақтауынан қатты қиналғанын айтады. Әсем бойының ұзын болуын кемшілік санап, өзін жек көріп, басқалардан кем санаған кездері болғанын жасырмайды. Осы қиындықтан шығу үшін психологтың көмегіне жүгінген. Тіпті, уайымнан 110 келіге дейін салмақ жинап алған кездері болған. 

"Бойымның ұзындығынан өзіме деген сенімсіздік пайда болды. Соның кесірінен психологтың көмегіне жүгіндім. Өзімді төмен бағалап, бойымнан қатты ұялатын едім", - деген ол кейінен бойының кемшілік емес екенін түсініп, өзін жақсы көре бастағанын айтады. 

"Кез-келген ортада жігіттер қауымының сендей қыз алсам, ұрпағым мықты болады деген жақсы сөздер естіп жатамыз", - деген Әсемге қазір комплименттер көп айтылады екен.

Жадыра Бағашар бойы 1.80 см болғанынан қарамастан еш қымсынбайтынын жасырмады. Сондай-ақ қыз баланың бойының ұзындығы тұрмысқа шығуға еш кедергі бола алмайды. "Бой емес ой жарыстыратын заманда" бойыңа ойы сай келетін жігіт болса, міндетті түрде тұрмысқа шығатынын айтады. Сұңғақ бойлы қыздарға көпшіліктің алдында қысылмай, еркін болуға шақырады.

Үш сұңғақ бойлы сұлулармен жасаған сұхбатымыздың толық нұсқасын мына бейнематериалдан тамашалай аласыздар:

 

 

Дайындаған Жанна Мәлік, Сәкен Құлман

 

 

 

 

Талқылау