Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзің жазық даласың, ақымақ": "Дом-2" қатысушысы қазақстандықтарды ашуландырды

"Дом-2" қатысушысы қазақстандықтардың ашуын келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзің жазық даласың, ақымақ

Рессейлік әйгілі "Дом-2" шоуының қатысушысы Алена Водонаева әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының Қазақстанға келгені туралы жазба қалдырып, қазақстандықтардың ызасын келтірген. 

Ол ұлын Қазақстанға демалысқа алып кеткен бұрынғы күйеуі туралы пікірін білдіріп, екі ел арасын араздастырып қойған. 

"Балам бірнеше аптаға жазық далаға кетіп қалды. Қазақстанған. Біз жерді кезіп жүр, хабарлама жазбайды. Богданнның әкесі және мен демалысқа әртүрлі көзқарастамыз. 8 жыл бұрын неге ажырасқанымды енді түсіндім", - дейді  Алена Водонаева. 

Мұны көрген желідегілер Алена Водонаеваға қатты ашуланып пікір қалдырған. Жұрт оған бүтін бір елді білмеген өзің ақымақсың деп ұрысқан. Алена Водонаеваның жазық далада, ақымақтық жасап жүрген шығар деген сөзі қазақстандықтардың шамына тиген. Осылайша, екі ел арасында желіде ұрыс туды. 

"Сен өзің жазық даласың, ақымақ", "Қазақстан жазық дала емес", "Не деген қателік, бұл адам санасын шатастыру", "Алена, сіз Қазақстанда болмағандықтан, түк көрмегендіктен солай деп отырсыз. Қазақстан тек жазық дала ғана емес, керемет таулар, өзендер мен көлдер, орта ғасырлық ғимараттар бар тарихи әрі заманауи мекен", - деп пікір қалдырды жұрт. 

Талқылау