Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік зейнеткер үйін сатып, 36 миллион теңгесін желі арқылы танысқан шетелдік азаматқа аударып жіберген

Ақтөбелік зейнеткер әлеуметтік желі арқылы танысқан ер азаматқа  36 миллион теңгесін аударып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

 65 жастағы ақтөбелік зейнеткер 36 миллион теңгесін интернет алаяқтарға аударып жіберген. Егде жастағы әйел әлеуметтік желі арқылы АҚШ азаматымен танысып, оның арбауына түскен. Шетелдік азамат оған сыйлық пен ақша жіберемін деп жеке ақпараттарын алған. Кейін кедендік БАЖ салығын төлеу үшін қаражат керек деген желеумен 36 миллион теңгесін қағып алыпты. Зейнеткер әйел өз пәтерін сатып, барлық жиған-тергенін танымайтын адамның есеп шотына өзі аударған.

“Сонымен  қатар "күйеу жігіт" зейнетке шыққан соң Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірленуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 миллион теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген. Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды”, – дейді Ақтөбе облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Талқылау