Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзін солай байлап қойса обал жоқ": Тазы итті турникке байлап кеткен алматылық желі қолданушыларының ашуын туғызды (видео)

Байлаулы тұрған итФото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде үй жануарын жасалған қатыгездікті көрсететін тағы бір видео тарады. Ер адам тазы тұқымдас итін мойнынан және алдыңғы екі аяғынан жаттығатын темірге тігінен шынжырмен байлап, өзі жаттығу жасауға кетіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнежазбадан тікесінен тік күйде шынжырмен байланған иттің қыңсылап тұрғанын байқауға болады.

Куәгерлердің айтуынша, сол маңда жүрген адамдар иттің иесіне ескерту жасағанымен, ол ашумен жауап беріп, итті осылай созып жатқанын айтқан.

Әлеуметтік желі қолданушылары да ер адамның бұл әрекетіне наразылық білдіріп, полицейлерден иттің иесін жауапқа тартуды талап еткен.

"Бұлай істемеңдерші, олар қорғансыз ғой", "Тазы итті қорлап жатыр",  "Жан-жануарларды қорлаған адамдарға қатаң шара қолданатын заң шығаур керек қой. Өзін солай байлап қойса обал жоқ", "Ит байғұс қорқып қалған ғой", "Мына адамға қатысты шара қолданыңыздаршы", "Итті қорлағаны үшін иесін жауапқа тарту керек", – деп жазған желі қолданушылары.

Алматы полиция департаменті бұл жайтқа қатысты тергеу жүргізілгенін хабарлады.

"Тергеу нәтижесінде ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шара қолданылды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген ведомство хабарламасында.

Полицейлер ер адамның қандай бап бойынша жазаланғанын нақтыламады.

Аида Тақабаева
Дүйсенбі, 21 Шілде, 2025 16:01
Талқылау