Өзін шешіндіріп тексерді деп шағымданған мұсылман әйел 27 млн теңге өтемақы алды
Нью-Йоркте мұсылман әйел полицейлерге шағымданып, олардың өзін шешіндіріп тексергенін айтты. Қала билігі әйелдің шағымын қанағаттандырып, оған 85 мың доллар (27 млн теңгеден аса) өтемақы төлеп беретін болды.
Сурет: Көрнекі сурет
Бұл туралы New York Daily News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
35 жастағы Рабаб Мұса 2017 жылдың қыркүйегінде полиция қызметкерлерімен ұсталған. Оның сөзінше, полицейлер алдымен оны ер адамдар камерасына қамап, артынша үстіндегі хиджабын шешіп тексерген. Сонымен қатар әйел полицейлердің еш себепсіз «өзі жасамаған әрекетті мойнына алуға» мәжбүрлеген. Алайда 6 сағаттан кейін әйелді босатқан.
Басылым мәліметінше, полиецейлердің Рабаб Мұсаны не үшін тұтқындағаны белгісіз. Полицейлер әйелді басқа адаммен шатастырып алған болуы мүмкін.
Ал Мұсаның қорғаушысының сөзінше, клиенті өзін қорланғандай сезінеді. Сонымен қатар берілген өтемақыны әділдіктің аз ғана көрінісі деп отыр.
Оқи отырыңыз:
Түрмеде жазықсыз 31 жыл отырып шыққан ер адам миллионер болып кетті
Қазақстандық қорғаушы АҚШ-тың бірінші ханымының қолынан марапат алды (видео)
Ер адам зейнетке ерте шығу үшін есімі мен жынысын өзгертіп тастаған
Ресейде бойжеткен ұрлығын жасыру үшін беті мен қолын қайшымен тіліп тастаған