Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін соққыға жықты деп полицияларды айыптаған жігіт Маңғыстау әкіміне үндеу жолдады

Мал ұрлады деп күдіктелген жігіт өзін полицияның соққыға жыққанын айтып, Маңғыстау облысы әкіміне үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «инАктау» сайтына сілтеме жасап.

жігіт
Қазіргі уақытта жігіт ауруханада жатыр. Айтуынша, полицияның соққысынан кейін бір бүйрегінен айырылып қалған. Видеоүндеуінде ол бұл мәселені облыстың әкімі өз қарауына алғанын қалайтынын жеткізген. Прокуратурада оның арызы қаралмаған екен.

Желтоқсан айның соңында Ақтау тұрғыны Гүлназ Трапбекова ұлына 250 қойды ұрлады деген айып тағылғанын айтқан болатын. Оның сөзінше, полиция қызметкерлері оны қинап мойындатқан. Соққыдан кейін ұлы бір бүйрексіз қалған. 

Өз кезегінде полиция қызметкерлері жігіттің қой ұрламақ болғаны туралы қолдарында айғақ барын жеткізді. 

«Күдіктінің көлігі Емір ауылына келіп тоқтаған. Қожайын жігіттердің қой ұрламақ болғанын көрген. Өзі тоқтатпақ болады. Бірақ олар оған қарамаған. Сол кезде ол учаскелік полиция бөлімшесі мен достарына хабарлайған», – дейді полицияда.

«Қой иесінің танысы ашудан Гүлжан Трапекованың баласын соққыға алды. Екінші күдікті қылмыс орнынан қашпақ болды. Алайда, кейіннен ол да ұсталды», – дейді маңғыстау облыстық полиция департаментіндегілер.
Полиция бөлімшесінде жігіт өзінің ауырғанын айтып, ол дереу ауруханаға жеткізілген.
Ведомствода күдіктілерді құқық қорғаушылардың ұрмағаны да көрсетілген. Олардың айтуынша, оған бөлімшедегі бейнебақылау камерасы куә. Ұрып-соғу фактісі тіркелмеген.

Министрлік оны ұстау кезінде жігітті ұрған мал иесінің танысына да қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. 

«Ер адам оны ұрып-соққанын мойындады. Тергеу ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша (Ауыр дене жарақатын келтіру ) және үйден шықпау туралы мойындау «шарасы таңдалды» деп хабарлайды Маңғыстау облыстық дирекциясында.
 

STAN.KZ
Сенбі, 04 Қаңтар, 2020 09:22
Талқылау