Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін өлтірмек болған Майкл Джексонның қызы енді аруларға үлгі болғысы келетінін айтты

Поп-музыка патшасы атанып кеткен Майкл Джексонның 19 жастағы қызы алғаш рет ағынан жарылып сұхбат берді. Пэрис Джексон бұрындары өзін жек көрген кездері туралы айтты. Бүгінде бұл ойынан бас тартқан Майклдың қызы алдағы уақытта жас аруларға үлгі болуды көздеп отырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы шетелдік басылымға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Қазір қайырымдылыққа бет бұрып, Пуэрто-Рикодағы дауылдан зардап шеккен отбасыларға көмектесіп жатырмын. Олар мен үшін алғашқы орында. Алдағы уақытта көпке үлгі болғым келеді. Балалар да, ата-аналар да маған қызығып қараса деймін. Әрине, мен мінсіз емеспін. Бірақ өзгелерге ерекшелігімді көрсеткім келеді. Мен де басқалар сияқты кәдімгі адаммын”, – деп түсіндірді Пэрис.

Сондай-ақ, Майкл Джексонның қызы бір кездері өзін жек көргенін айтты. Алайда ол күндердің артта қалғанына сенім білдірген Пэрис қазіргі таңда өзін мақтан тұтанынын мәлімдеді.

“Кейде денем өзіме ұнайды, ал кейде ұнамайды. Бұрын өзімді қатты жек көретінмін, енді ол шақты артта қалдырғаныма ризамын. Мен өзімді жақсы көремін және мақтан тұтамын”, – деді Джексон ағынан жарылып.

Бұдан өзге, Пэрис қарапайым адамдар сияқты өмір сүргісі келетінін айтты. Достарымен бірге уақыт өткізіп, таза ауада тыныстағанды жөн көретінін жасырмады.

“Менің төрт итім мен үш мысығым бар, олар – менің бар өмірім. Жұмыс пен демалыстан бөлек, менің бір күндік өмірім кітап оқудан, жануарлармен немесе бауырларыммен серуендеуден тұрады. Жалпы өмірім қызыққа толы, бақыттымын”, – деп түйіндеді сөзін бойжеткен.

Айта кетейік, Пэрис уақытының көп бөлігін ағасы Принспен бірге өткізеді. 2009 жылы Майкл Джексон өмірден қайтқанда Пэрис 11, ал Принс 12 жаста болатын. Ал олардың інілері, Принс ІІ небәрі 7 жаста еді. Көзі тірі кезінде Майкл балаларын БАҚ құралдарынан жасырын ұстады. Алайда қазіргі уақытта Джексонның қызы жиі сұхбат беріп, журнал мұқабаларына шығып тұрады.

Жіберіп алмаңыз:

Салтанат: Қандай жетістікке жетсем де күйеуім мен ата-енемнің арқасында жеттім

Мейрамбек Бесбаев: Шоу жасап, халықты алдамаймын

“Жігіттер” тобындағы Айдар алғаш рет отбасы жайлы айтты

Қайрат Түнтеков дауысы жоқ әншілердің көбейіп кеткеніне күйінді

Талқылау