Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін әскери қызметкермін деп таныстырған: Алматылықтар жаппай алданып жатыр

Алматыда ер адам әскери қызметшінің киімін киіп алып, елді алдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасы ер адамды іздестіріп жатыр.

Құқық бұзушы алдымен өзінің жұмыс бабымен өзге қалаға ауысқалы жатқанын айтып, түрлі тұрмыстық техника мен заттарын сататыны туралы жарнама береді. Сатып алушылар табылғанда оларға сатылатын заттардың ақшасын толық аудартады. Күдік тудырмау үшін ол заттарды сатып алушыға өзінің әскери кимімен түскен суреті мен құжаттарын жібереді.

"Аталған алаяққа алданып қалғандар саны тек Алматының өзінде 10 адамды құрап отыр", – деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Талқылау