Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзің әкеңе велосипед алып бердің бе": Фариза Төреәлі не себепті қайын атасына арзан көлік алғанын айтып ақталды

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына не себепті арзан көлік алғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы қайын атасына нарықтағы бағасы 8-9 миллион теңге тұратын көлік сыйлаған. Желі қолданушылары блогердің іс-әрекетін қатаң сынады. 

“Осы уақытқа дейін өздері бренд киіп шалқып жүр. Бірақ әкелеріне көлік сыйламаған ба?", "Дүниеге тоймайды екен, қашан қарасаң да, көлік сыйлап жатады", "Қарапайым көлік сыйласа да шын жүректен қуанып жатыр, не деген қарапайым жан", "Қымбат көлік болмаса да осы уақытқа дейін әйелін жарқырата беріп, әкесіне көлік мінгізбеген бе?”, “Өздері 10 миллион теңге тұратын бренд алады, әкесіне 8-9 миллионның затын сыйлайды", – деп жазды олар.

Фариза Төреәлі не себепті қымбат маркалы көлік сыйламағанын түсіндірді.

"Біз әдейі осы көлікті сатып алдық. Бұл – ол кісінің алғашқы көлігі. Әзірге үйреніп жүр. Ең бастысы, әкеміз риза. Қалғаны өз уақытында бола жатар", – дейді ол.



Одан кейін Фаризаның әкесі қызына қолдау білдіріп, халыққа үндеу жасады. 

“Жеке пікірінді жеке өзіңе айт. Ал бұл жер көпшіліктің ортасы, ішің тарылып не айтып, сынарынды білмей жазсаң. Өзің әкеңе велосипед алып бердің бе? Не берген болсаң видеоңды салшы? Біз жақсы сөзімізді жазайық. Не болса да ішіне қыл айналмайтын жан екенсің. Алла аясын! Бұл перзенттері себепкер, Алла беріп жатыр! Жазғаның – Алланың бергеніне қарсы пікірің", – деп жазды Төреәлі Төлепов.

Еске салайық, Фариза Төреәлі сіңлісінің туған күніне көлік сыйлаған еді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 16:09
Талқылау