Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімнің теңіме шықпадым": Мадина Сәдуақасова тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова осыдан 10 жыл бұрын тұрмысқа шыққан кезін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Өнер иесі Олжас Смағұлов есімді режиссер жігітке тұрмысқа шыққан еді. Күйеуінен әнші 6 жасқа үлкен.

“2 ақпан, 2014 жылы мен тез қартайып кеттім. “Жас баланың басын айналдырғыш” деген атаққа ие болдым. Өйткені, өзімнің теңіме шықпадым. Сол кезде өзім туралы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөздер естідім. 10 жыл өтті. “Қандай жарасымды жұп”,  “Енді тойға неге Олжаспен бармайды”, “Неге күйеуін инстаға салмайды” деген сөздерді әлі естіп келеміз. Уақыт-ай! Тез-ақ өтіп кетеді екен ғой?!. Құтты болсын,10 жылдық!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншіге бақыт тілеп, жарасымды жұп екендерін жарыса жазып жатыр.  

 

Талқылау