Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіміз төлейміз деп уәде еткен": Петропавлда әкімдік жарылыс болған жатақхана тұрғындарын себепсіз қарыз төлеуге мәжбүрлеуде

Петропавл қаласының әкімдігі жарылыс болған жатақхана тұрғындарын әлеуметтік қызметтер төлемін төлеуге мәжбүрлеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

петропавл жильцы

Жатақханадағы жарылыс 2021 жылы 21 ақпан күні болған. Ол күні барлық тұрғындар үйлерінен көшірілген. Кейбіреулері туыстарын паналаса, басқалары студенттер жатақханасынан орын тапқан. Үйдің жарты бөлігі жарылыстан аман қалғандықтан тұрғындардың көбісі көп уақыт күтпей өз үйлеріне оралған.

Қала әкімінің орынбасары коммуналдық пәтер ақысын тұрғындар үйлеріне қайта келгеннен кейін ғана төлейді деп уәде еткен. Алайда барлығы басқаша болып шыққан. Шенеуніктер жалға алушылар өз бөлмелерінде тұра алмаған уақытқа коммуналдық пәтерді төлеу туралы уәдесін орындамаған.

"Қала әкімінің орынбасары бізге халық өз үйлеріне оралғаннан кейін ғана коммуналдық төлемді төлейді деп сөз берген. Нәтижесінде, бізге әкімдік 3, 4 және 5 қабаттағы пәтерлердің коммуналдық ақысын бір айға ғана төлейтінін, ал екінші қабаттың тұрғындарына мұнда тұрмаған уақыттарына түгел төлеуге уәде етті. Мен 4-ші қабатта тұрамын. Тиісінше бізге коммуналдық төлемді тек бір айға ғана төлеп беретіндерін айтты. Мен үйге оралғанда мен үш айлық мұнда тұрмаған уақытымды алып тастап, осында тұрған уақытқа ғана төледім. Бізге тексеруші келіп, қарыздардың көптігі туралы айты. Ал адамдар мұнда тұрмаған уақыттары үшін әрине төлегісі келмейді", – дейді Алла Куличенко.

Арада бірнеше айлар өтсе де қарыздың мөлшері қысқартылмаған. Керісінше, оған үстемақылар қосылған. Ақырында, күтуден шаршаған тұрғындар қарызды өз қалталарынан жапқан. Ал Мұхамедқали Аяпбергенов болса төлеуден бас тартады. Және оның қарыз сомасы да көршілеріне қарағанда көбірек. Себебі оның отбасы үйлеріне соңғылардың бірі болып оралған. Сондықтан ер адам өзі тұрмаған уақытқа төлем жасаудың ретін таппаған. Бүгін үйіне оралған ол жарықты қырқып кеткенін анықтаған.

"Жөндеу жұмыстары болған бүкіл уақытта мен қызымның үйінде тұрдым. Әкімдік қызметкерлері бізбен үнемі хабарласып тұрды. Олар тұрғындар өз үйлерінде тұрмағандықтан, бұл уақыттың коммуналдық төлемін өз мойындарына алатынына уәде берген. Біз осыған сеніп қалдық", – дейді Мұхамедқали Аяпбергенов.

Ер адам оқыс оқиға орын алған күнге дейін және жөндеу жұмыстарынан кейін үйіне оралған сәттен бастап төлемдерді уақытылы төлеп жүрген қағаздарын көрсетеді. Ал өзі үйінде болмаған уақытта жиналған 18 мың қарыз сомасы сол күйі жабылмаған. Нәтижесінде үй иелерін ескертпестен жарықты қырқып кеткен.

Қазір Мұхамедқали не істерін білмейді, себебі жарықсыз отыру мүмкін емес, сонымен қатар себепсіз қарызды да төлегісі келмейді.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 13 Қыркүйек, 2021 09:08
Талқылау