"Өзіміз ғой Арай": Қарағанды облысында жүзден аса адамды қаржылық пирамидаға тартты деп айыпталған адам ұсталды
Қарағанды облысында қаржы пирамидасын әлеуметтік желі чаты арқылы ашқан адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнежазбадан скриншот
Қарағанды облысының тұрғыны қаржы пирамидасына ақша жинағаны үшін бұрын сотталған. Ол тағы да WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чаттар құрып, онда 50-ден 300%-ға дейінгі төлемдерді уәде ете отырып, 50 мың 300 мың теңгеге дейін ақша жинағаны анықталды. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған.
"Күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды", – делінген хабарламада.
"Өзіміз ғой Арай" қаржылық пирамида чатында 100-ден астам қатысушы болған. Сонымен қатар "Люкс чат", "Чек чат Люкс 100%", "Вклад чат 50%" чаттарынан зардап шеккендерді анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Талқылау