Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіме ашуландым": Босанудан кейінгі күйзеліс туралы айтқан Мақпал Исабекова жылап қалды

Танымал әнші Мақпал Исабекова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында босанғаннан кейін күйзеліске түскені туралы айтып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан кадр

“Мен 20 жыл мансап қудым, сахнада жүрдім. Айналамдағылардан: “Қашан? Сенің уақытың өтіп бара жатыр. Отырып қалдың. Тұрмыс құрып, бала туу керексің. Сенің қатарластарың – 5 баланың анасы. Сен неге секеңдеп жүрсің?” деген әңгімені естіп келдім. “Бұйырған күні күйеуіммен де танысамын, баламды туамын” дейтінмін. Бірақ бастапқыда қорқыныш болды.  Бірақ тұрмысқа шыққан соң бірден жүкті болдым. Босанғаннан кейін анам 40 күн жанымда болды. Қасымда күйеуім, жиенім, көмекшілерім бар. Сүтімнің бірден келмегені болмаса, бәрі жақсы болды. Босанарда қиындықтар болды. Мені кесарь тілігі арқылы босандырды. Бұйырғаны болды. Мен баламды жақсы көріп тұрмын. Бірақ ішкі жан-дүнием бос еді. “Сен еріккенсің. Балаң бар, күйеуің бар, жағдайың жасалған. Жағдайы жасалмаған, ата-енесіне қарайласатын әйелдер бар. Үй жинамай-ақ қойсаң да болады. Тек балаңды аналық махаббатыңа бөлесең болғаны” деп өзіме ашуландым. Бірақ мен өзімнің сол сәттегі жағдайымды жоққа шығара алмадым. Күйеуім: "Жаным, бәрі жақсы ғой" дейді. Иә, бәрі керемет. Бірақ мен өзімді түсіне алмадым. Ұйқыдан тұра сала жылағым келетін”, – дейді Мақпал Исабекова көз жасына ерік беріп.

Әнші бір кездері жанынан табылған құрбыларынан да көз жазып қалғанын айтты. 

“Менің бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшамда көпшілікпен бөлісуіме болатын еді. Бірақ мені бұл әрекетін үшын сынап тастайды деп қорықтым. “Алты баламыз болса да, өмірге шағымымыз жоқ” деп жазатын әйелдер бар. Мені түсінбей қалады деп қорықтым. Оған қоса, жаныңда жүрген достарыңның қайда кеткенін білмей қаласың. Олардың өмірі өзгермеген. Оларға қарайсың да, өзіңді екшімге керек еместей сезінесің. Өзіңе: “Неткен сорлы болып кеткенсің?” деген сауал қоясың. Дене бітіміңе көңілің толмайды. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 14 Қыркүйек, 2023 12:28
Талқылау