Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімдікі қашан болады": Жахан Отарғалиев алғаш рет екінші әйелінің балалары туралы айтты

Жахан Отарғалиев екінші әйелінің қыздары жайлыФото: https://www.instagram.com/zhahan_utargaliyev

Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев алғаш рет жаңа отбасы жайлы сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жахан Отарғалиев үшінші әйелінің балаларына өзін “әке” деп атауға рұқсат бермейтінін айтты.

“Өздерінің әкелері бола тұра, мені “әке” деп айтқызғаным дұрыс емес. Қанша жерден қиналсаң да, басыңа түсіп тұрғандықтан олай істеуге болмайды. Олардың өз әкесі бар. Сондықтан біз басынан-ақ танысқан кезде “Мен сіздерге көкемін, мен сіздердің қолдаушыңызбын, кез келген уақытта сіздерді қорғаймын, бірақ мен сіздерге көке боламын” дедім. Түсіндірдім. Оларды туған қызымдай жақсы көремін, қолдаймын, дегенмен жүректің түбінде “Өзімдікі қашан болады?” деген сұрақ тұрады екен”, – деді ол Revuenews-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқан соң араға бір жарым жылға жуық уақыт салып, биыл жыл басында үшінші рет үйленді. Ол Астанадағы Бас мешітте некесін қиғаны туралы видео жариялаған еді.

Кейінірек Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 23:08